Мұғалім жеті жасар қызды қағып өлтірді

Мұғалім жеті жасар қызды қағып өлтірді
Фото: Көрнекі сурет elements.envato.com

Түркияда мұғалім жеті жасар қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazete Memur басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға қыз дайындық аптасы аясында мектепке бара жатқанда болған. Дәрігерлер қанша тырысқанымен қызды аман алып қала алмады. 

Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Орду облысының Ұлттық білім беру директоры Мехмет Фатих Варгелоглу мен Алтынорду ауданының Ұлттық білім беру директоры Онур Бекүрек қыздың ата-анасына көңіл айтты.

Бану Кая мұғалімі ұсталып, куәлік беру үшін полицияға жеткізілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек