Ақтаудағы №5 мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде оқушыны қаңғып жүрген ит тістеп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Зардап шеккен баланың анасының сөзіне қарағанда, оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйелге мектептен хабарласып, оның баласын ит тістеп алғанын айтқан. Ол мектепке жеткен соң бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.
"Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім иттің мұндай екенін білмепті", – дейді Джульетта Жамиева.
Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, баланы ауруханаға өзі алып кеткенін айтты.
"Бұл оқиғаны бәріне жария еткім келеді. Еліміздегі маңызды мәселенің бірі. Ит қауып алғанынан 3 бала қайтыс болды, 81 бала жарақаттанды. Оның ішінде менің де балам бар", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!