- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұғалім балаларды сөйлесу...
Мұғалім балаларды сөйлесу үшін дәретханаға апарған: ата-аналар наразылық білдірді
Семейдегі мектеп мұғалімі 7-сыныптың екі оқушысын сабақ үстінде әжетханаға алып шыққан. Бұл оқиға ата-аналардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі сәрсенбі, 16 қазанда №38 мектеп-лицейде болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі хабарлады.
Екі оқушы мұғалімнің сабағына кедергі келтірген, ал ол оларды әжетханаға апарған. Мұғалім басқа сыныптарда сабақ жүріп жатқанын, дәлізде олармен сөйлесе алмағанын айтқан. Әжетханада оқушылар телефонның диктофонына әңгімені жаза бастаған, содан кейін мұғалім ашуланып, оны өшіріп тастаған.
Мұғалім күш қолданбағанымен, дөрекі сөз айтпағанымен, жазбаның өшірілгені және әңгімелесу орны ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды деп хабарлады ведомство.
"Тарих пәнінің мұғалімі мен 7 "В" сынып оқушыларының мінез-құлқына қатысты іс Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте мұқият қаралды. Талқылау нәтижесінде ҚР Еңбек кодексінің 64-бабының 4-тармағына сәйкес, кеңес директордың міндетін атқарушыға осы мұғаліммен еңбек шартын бұзуды ұсынды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Мұғалім бұған дейін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылғаны белгілі болды.
"2024 жылғы 17 қазандағы №435 бұйрығымен мұғаліммен еңбек шарты бұзылды", - деп хабарлады білім басқармасы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан