Мойын сүйегін үнемі қытырлатудың омыртқаның қыспа сынығы және инсульт секілді ауыр салдары болуы мүмкін. Бұл туралы терапевт Эвер Ариас айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мойынды қытырлату уақыт өте келе буындардың гипермобилділігін тудырады, салдарынан мойын омыртқада ауырсыну, созылу, сынық пайда болады.
Ал бұл бұзылыстарды тексеруге дәрігерге барған кезде инсульт қаупі артады. Өйткені, маман науқасты қарау кезінде кездейсоқ жұлын артериясының диссекциясын тудыруы немесе тамырларды зақымдауы мүмкін.
"Дәрігерден мойыныңызға тиіспеуін немесе қарау кезінде абай болуын сұраңыз. Егер әдеттен арылу қиян болса, өзіңізді асықтырмай, мүмкіндігінше аз жасауға тырысыңыз", - деді терапевт.
Дәрігер ауырсыну шыдатпай, қатты ыңғайсыздық сезінген кезіңізде ғана өз-өзіңізге массаж жасап, мойын сүйегін қытырлатуға болатынын жеткізді.
Оның айтуынша, денсаулыққа ұқыпты қарап қана, сау болуға болады.
Айта кетейік, бұған дейін травматолог саусақ сықырлату денсаулыққа қаншалық зиян екенін түсіндірген болатын.
"Адамдарда саусақтарын қытырлатып немесе мойнын оңға-солға айналдырып, қозғалыс жасайтын әдеті бар. Содан кейін жеңілдеп қалғандай сезінесің. Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Себебі сүйектер бір-біріне үйкеліп, қажалады. Уақыт өте келе адамдардың өзі бұл әдеттен алыстайды деп ойлаймын", - деді травматолог Қанат Тезекбаев.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сәбиді күніне неше рет емізу керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!