Елордалық дәмханалардың бірінің даяшысы 60 жастағы адамды тонап кетті, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
Астананың 60 жастағы тұрғыны әлдекім өзіне шабуыл жасап, 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, полицияға жүгінген.
Кешке қарай ер адам Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханаға кіріп, тамақтанған. Қызмет көрсетуші даяшы ер адамның қол сөмкесінде көп ақша барын байқап қалған.
"Ер адам дәмханадан шыққанда даяшы оның артынан ілесе шыққан. Сөйтіп құрбанының артынан келіп, білегін мойнына орап, тұншықтырып, қолындағы барсеткасын жұлып алып, қаша жөнелген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшы Қарағандыда ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған адамның Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі. Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!