Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елді мекенінде болған.
2 маусымға қараған түні екі ер адам ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.
Екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екені белгілі болды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!