Қымбат Баймұрзина есімді зейнеткер келіні ұрып-соғып, үйден қуып шыққанын айтты. Бұл туралы ол "Қыздар-ай" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қымбат Баймұрзинаның сөзінше, келіні киімдерін, әкелген базарлығын далаға лақтырған.
"Үйден ұрып-соғып қуып шықты. "Кет" деп киімдерді далаға лақтырды. Қыдырып кетіп келгенде, "бұл проходной двор емес саған, келемін дегенде келіп, кетемін дегенде кететін" деді. Сарқыттарымды қойып, немерелерімді көріп, беттерінен сүйіп, қуанысып жаттым. Ондай ештеңе болмайды деп ойладым. Әкелген етті, бес литрлік балды далаға лақтырды. Құрт, май - бәрін әкелгенмін. "Нағима, тастамашы, ас қой, обал ғой" деп артынан жүгірдім. Артық сөз айтқан жоқпын. Былай жығып алды, құлатады деп ойлаған жоқпын. Мойнымнан қылқындырып, шаштан ұстады, еденге басымды ұрды. Шамам келмей қалды, ештеңе істей алмай қалдым. "Құтқарыңдар" деп құр айқайлап, жылай бердім. Ол кезде дауысым шығып жатты. Сонда ұлым есік алдында жүрді. Ұлым келмеді маған. Маған келін "барар жер, басар тауың жоқ, ертең ауырып жатсаң, бір тамшы су тамызбай өлтіремін" деді. Естімеген сөзім қалған жоқ", - дейді Қымбат Баймұрзина.
Көршілері де бұл рас екенін айтады.
"Мінезі өте жақсы. Сондай таза адам. Сондай жағдай болған шығар ортасында. Қымбат шындығын айтады. Ұрысқа шақыратын адам емес. Мінезін жақсы білемін. Өзінің екі ұлы бар. Үнемі осындай ұрыс (отбасында - еск.), шыдап жүрген", - дейді олардың көршісі.
Қымбат Баймұрзинаның сөзінше, жердің құжаты келінінің атына алынған. Сондықтан үй де келінінің атында екен. Енді зейнеткер келінінен түрлі ауыр сөз естіп жүргенін жеткізді.
"Қате кеткен жоқ (өзімнен - еск.). "Мен жоқта қадір-қасиетімді түсінетін шығар, енді осылар өз балаларын бағып көрсінші" дедім. Келінім "сенің ешкімің жоқ, қолымда малайлыққа ұстап жүрмін мен сені" дейді. "Тамағымды жасатып, балаларымды бағу үшін ұстап жүрмін" дейді. Үлкен балам 78 жылғы, 79 жылғы (одан кейінгісі - еск.). Үйленгеннен кейін күрт өзгерді. Үлкен ұл ата-апасының баласы дедік те, қатты тартпадық. Кіші ұл - етегімнен ұстап жүріп өскен бала. Әкелері болды. Толық жанұяда өсті (балалар - еск.). ...Семей жақтағы мал жайымды, үйімді сатып, баламды түрмеден аман алып қалайын деп далада қалдым. Сол кезде күйеуім қарсы болды. Балам 30-ға келгенде үйленді. Пәтерде тұрып жатқанда, келін баламмен аядай жерге келіп жатып жүрді", - дейді Қымбат Баймұрзина.
Алайда зейнеткердің келіні оны ұрып-соқпағанын айтты.
"Қарғайды. Неше түрліні айтады. Марқұм болып кеткен әке-шешемді айтады. О баста келін болып түсірмеген. Мені қабылдамаған. Сонда да ол кісімен тұрдым. Бұл кісі өмір бақи бөлек тұратын. Ол кісі ұлдарынан талап етсін. Ол өз отбасын сақтай алмаған. Енді біздің отбасын бұзғысы келеді. Анасынікі дұрыс болса, (баласы - еск.) "аузыңды жап" дер еді. Оның өзі "жолатпа" дейді. Себебі анасының мінезі бар. Иә, мен қуғаным рас. Себебі тұра алмаймын. Ақылмен айтсам, көнбейді. Қол көтерген жоқпын. ...Ұрды-соқты деп бүкіл туыстарымызға звондап, бәріне айтқан. Мамасы, папасы, екі ағайынды, төртеуі отырып, өзара саудың әңгімесін айта алмайды", - дейді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан халқының саны 20 миллионға қашан жетеді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!