- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мойнымда темір бар,...
"Мойнымда темір бар, 5 жерден шуруппен қатырылған". Нұржан Қалжан жантүршігерлік жол апаты туралы айтты
Танымал әнші Нұржан Қалжан "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында жол апатынан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, өміріндегі жантүршігерлік жағдайдан кейін мойнына темір орнатылған.
"Авариядан қалған дүние. Қазір мойнымда темір бар, 5 жерден шуруппен қатырылған. Негізі дәрігерлер алып таста деген. Кейін барып, "алып тастайын ба или алмай-ақ қойсам бола ма? Алған күнде қалай болады, алмаған күні қалай болады?" деп сұрап едім, "алсаң да, алмасаң да тек күтім керек өлгеніңше, күресіп ойнауға болмайды алып тастаған күнде де" деді. Шірімейтін темір ғой. Күнделікті өмірде кедергі келтірмейді. Кейде көлік айдап, 1000-2000 шақырым, Түркістан сияқты жаққа жолға шығамын ғой. Сондай кездерде қатты білінеді. Мойным бұрылмай қалады. Аллаға шүкір дауысымда өзгерістер болған жоқ. Тек шаршаған кезде ауырады. Жұлынның бір сүйегі сынған. Сол жердің орнына темір жабыстырып қойды", - дейді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Блогерлер қанша ақша табады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова