Шымкентте ер адам өз пәтерінде өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы хабарлады.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойны кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы ер адамның мәйітін анықтады.
Жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен "адам өлтіру" қылмыстық іс тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазір полиция қызметкерлері ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шара жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!