- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мотоциклмен соққан: Ақтөбе...
Мотоциклмен соққан: Ақтөбе облысында 20 миллион теңге тұратын ақбөкен еті табылды
Фото:
Видео кадры
Ақтөбе облысында полиция браконьерлікке қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 қыркүйекте полицейлер "Охотзоопром" АФ қызметкерлерімен бірлесіп, Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында Lada Largus автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды.
42 жастағы көлік жолаушысының айтуынша, пакетте бес ақбөкеннің еті бар, ол оны Ырғыз ауданының аумағында мотоциклмен соққан.
Келтірілген шығын көлемі – шамамен 20 миллион теңге. Бұл дерек бойынша қылмыстық тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова