- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мотоциклмен келе жатқан"....
"Мотоциклмен келе жатқан". Пәкістанда жанкешті лаңкес өзін жарып жіберді
Пәкістанның оңтүстік-батысында жанкешті лаңкес өзін жарып жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DW-ға сілтеме жасап.
Шабуыл Белуджистан провинциясының астанасы Кветтадан шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Сиби қаласы маңында болған. Билік өкілдерінің айтуынша, жанкешті мотоциклмен келе жатып, полицияның жүк көлігіне соғылған. Жарылыс салдарынан тоғыз қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Тағы 16 адам жарақат алды.
Билік өкілдері мәліметінше, полицейлер бір апталық мал көрмесінде қауіпсіздік шарасын сақтап, содан қайтып келе жатқан.
Әзірге бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Бірақ бұл қарашада Үкімет пен тәліптер арасындағы бейбіт келіссөздер аяқталғаннан кейін Пәкістан полициясына жасалған шабуылдар көбеюі аясында болған. Белуджистан провинциясы Ауғанстанмен де, Иранмен де шектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова