Мотоцикл жүргізушісіне пышақ шабуылы жасалған: мән-жай белгілі болды

Мотоцикл жүргізушісіне пышақ шабуылы жасалған: мән-жай белгілі болды
Фото: Видео кадры

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде суық қару қолданылған шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәбірленуші шетел азаматына полицейлер жедел көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген.

"Медициналық көмек көрсетілді. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Өміріне қауіп жоқ. Күдікті қылмыс ізін суытпай, қашпақ болған сәтінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іс бойынша тергеу барысы тікелей менің бақылауымда", - деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісі пышақталып қалғаны хабарланды.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда мотоцикл жүргізушісі жанармай құю бағанына қарай келе жатқаны, оның артынан ер адам еріп келе жатқаны көрінеді. Бір кезде ер адам қалтасынан пышақ тәрізді нәрсе шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше соққы жасайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget