Көлік жүргізушілері жиі кездесетін мәселе - қозғалтқыштағы май шығынының көбеюі. Бұл жағдайдың себептерін және шешу жолдарын автоэксперт Валерий Сафонов түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.
Егер қозғалтқышқа лас ауа кірсе, бұл цилиндрлер мен поршень сақиналарының тозуына әкеледі екен.
"Қозғалтқышқа нашар сүзгінің немесе дұрыс тығыздалмаған қосылыстардың салдарынан шаң-тозаң түскенде, цилиндрлер мен поршень сақиналары қатты тозады. Бұл май шығынының артуына әкеледі", - деп түсіндірді Валерий.
Клапан аяқшасындағы май тығыздағыштары майдың жану камерасына түсуін болдырмауы керек. Бірақ олардың тозуы немесе дұрыс орнатылмауы майдың ағып кетуіне және шығынның көбеюіне себеп болуы мүмкін.
"Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштарда бұл проблема көбінесе картерден ауа шығаратын клапан ақауынан туындайды", - дейді сарапшы.
Картерге газдардың енуі поршень тобының тозуынан болады. Бұл қозғалтқыштағы қысымды арттырып, майдың тығыздағыштардан өтіп кетуіне әкеледі.
Май деңгейі шамадан тыс болған жағдайда май көбігі пайда болып, газдармен бірге жану камерасына түседі. Бұл шығынды ұлғайтып, қозғалтқышқа зиян тигізуі мүмкін.
Жанбай қалған отын цилиндр қабырғасындағы май қабатын шайып жіберуі мүмкін, бұл үйкелісті арттырып, тез тозуға әкеледі.
"Мұндай бұзылуларға көбінесе сапасыз инжекторлар, турбокомпрессорлар немесе дұрыс емес тұтану уақыты себеп болады", - дейді сарапшы.
Ескі майдың қозғалтқышта ұзақ тұруы оның қасиеттерін жоғалтып, тозуды арттырады. Майды уақытылы ауыстырып тұру маңызды.
"Май өндіруші ұсынған стандарттарға сай болуы керек. Сапасыз немесе жарамсыз майлар суық ауа райында және жоғары температурада нашар жұмыс істейді, бұл оның тиімділігін төмендетеді", - деп түсіндіреді Валерий.
Тығыздағыштардың тозуы немесе дұрыс орнатылмауы майдың ағуына әкеледі. Бұл әсіресе қозғалтқышты жинау кезінде байқалады.
Турбокомпрессор мойынтіректерінің тозуы немесе май құбырының бітелуі майдың ағып кетуіне себеп болуы мүмкін.
"Мұндай мәселелер көбінесе үлкен жүгірісі бар қозғалтқыштарда немесе жарамсыз майды қолданған кезде кездеседі", - дейді сарапшы.
Қозғалтқыш бөліктерінің дұрыс орнатылмауы май шығынына себеп болуы мүмкін. Бұл үшін құрастыру технологиясын қатаң сақтау қажет.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!