Мопедті техникалық байқаудан өткізу үшін не білу керек?

Мопедті техникалық байқаудан өткізу үшін не білу керек?
Фото: depositphotos.com

5 сәуірден бастап Қазақстанда мопед ресми түрде көлікпен теңестірілді, енді оларды міндетті түрде тіркеуден, сондай-ақ, техникалық байқаудан өткізу қажет, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Техникалық байқаудан қайдан және қалай өту керек?

Көлік министрлігі мәліметінше, тіркеуге алынған барлық мопед жеңіл көліктерге арналған техорталықтарда техникалық байқаудан өте алады. Ел бойынша 950 оператор жұмыс істейді, олардың қарамағында 2000 стационарлық станция мен 750 мобильді станция бар.

Мопедтер L1 санатына жатады, бұл – жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейінгі және қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын (немесе қуаттылығы 4 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқышы бар) екі дөңгелекті көлік.

Техникалық байқауда не тексеріледі?

Инспекторлар мотоциклдегі сияқты мынадай бөлшектерді тексереді:

  • тежегіш жүйесі;
  • жарық беру құрылғылары;
  • дөңгелектер мен басқару жағдайы.

Тек бір жағдайда артықшылық беріледі, яғни шыққанына 1 жыл толмаған жаңа мопедтерге.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget