Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жол жүрісі туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі құжатқа қол қойғаннан бері жарты жыл өтті. Енді бұл түзетулер ресми түрде күшіне енді. Енді мопед жүргізушілері де көлік иелерімен бірдей жауапкершілік арқалайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгіннен бастап мопед иелеріне бірқатар талаптарды орындауға тура келеді. Интернет кеңістігінде бұл күнді "мопед жүргізушілерінің террор дәуірінің соң" деп те атап жатыр. Енді кез келген мопед жүргізушісі мынадай талаптарға сай болуы керек:
Жаңа талаптар күшіне енген соң, мопед жүргізушілері енді жол ережесін бұзғаны үшін жазадан құтыла алмайды. Енді мынандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл мен жаза қарастырылған:
Полицияның нақтылауынша, барлық бұзушылықтар автоматты тіркеу камералары арқылы жазылып отырады, сондықтан жауапкершіліктен қашып құтылу мүмкін емес.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 12 айында республика аумағында мопедтердің қатысуымен 1 819 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 76 адам қаза тауып, 1 945 адам жарақат алған. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында мопед қатысқан 103 жол апаты тіркеліп, 2 жасөспірім қаза тауып, 105 адам жарақат алған.
"Бұған дейін мопед жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 АЕК көлемінде айыппұл төлесе, енді 5 сәуірден бастап олар механикалық көлік құралын жүргізетін тұлғалармен тең дәрежеде толық жауапкершілік арқалайды", – деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!