Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек заңға сәйкес әрбір мопед тізгіндейтін жүргізушіде болуы керек құжаттар тізімін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілі қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға және көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойғанын еске салды. Бұл шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және мопедтерге қатысты жол-көлік оқиғасы санын азайтуға бағытталған.
Заңға сәйкес мопед жүргізушісінің мына құжаттары болуы шарт:
А1 санатындағы жүргізуші куәлігі;
Көлік құралы тіркелген болуы керек, сәйкесінше мемлекеттік нөмір;
Ал мопедті тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
Мопед рамасының нөмірі болмаған жағдайда, сәйкестендіру нөмірін тіркеуге дейін мопед иесінің өтініші бойынша уәкілетті орган береді.
Айта кетейік, бұған дейін биыл Алматыда мопедтерге қатысты жол апатынан 14 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!