Желіде полицейдің мопедшіні қуып бара жатқаны түсірілген видео тарады. Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде полиция қызметкері жаяу мопед жүргізушісін қуып бара жатқаны түсірілген видео жарияланған. Қазақстандықтарды полицейдің физикалық дайындығы таңғалдырған.
"Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, бұл құқықбұзушылық Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бұқтырма көшесінің бойында тіркелген. Мамандандырылған батальонның экипажы жүргізушісі жол ережесін бұзып, тоқтау талабына бағынбай, жасырынбақ болған мопедті байқап қалған. Алайда ол ұсталды. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК 615-бабында көзделген құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.