Кей адамдар денесін шынықтыру мақсатында моншадан соң суық бассейнге түседі немесе қыста қарға сүңгиді. Алайда терапевт Анастасия Тимощенко NEWS.ru-ге моншадан соң қарға сүңгу жүрек-қан тамырлары проблемасы бар адамдар үшін қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, дайын емес адамды бұл инфаркт немесе инсультке әкелуі мүмкін.
"Температуралар өзгерісі жүрек-қан тамырлар патологиясы бар адамдарға және алкоголь ішкендерге қауіпті болуы мүмкін. Булы бөлмеден шыққан соң үстіне суық су құю немесе суық душ қабылдау төмен температуралар әсеріне біртіндеп үйренген адамдарға ғана арналған", - дейді Анастасия Тимощенко.
Оның айтуынша, бірден суықтаған кезде қан тамырлар тарылуы мүмкін, ал қосымша жүрек-қан тамырлар бұзылысы бар болса, кенеттен қысым көтеріліп, инсульт немесе инфаркт дамуы мүмкін.
Булы монша – адамдар жуыну, босаңсу және кей ауруды жеңілдету үшін баратын пеші бар бөлме. Моншаның адам денсаулығына пайдасы қандай және моншада қанша уақыт отыруға болады? Толығырақ мына жерден оқыңыз.