Демалыс күндері моншаға баруды жоспарлаған жандар үшін ғаламторда тараған бірнеше кеңестерді ұсынамыз. Ыстық бу қабылдағаннан кейін ағзаға қауіпті қандай әрекеттер бар? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Моншадан шыққан адамдарға бірнеше маңызды ережелерді сақтау ұсынылады. Моншадан кейін денеде жылу алмасу процесі өзгеріп, жүрек пен қан айналым жүйесінде жүктеме артады. Кей әрекеттер тіпті денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан моншадан шыққан соң келесі істерден бас тарту ұсынылады:
1. Суық суға бірден секіріп кету немесе қарға аунау. Моншадан шыққаннан кейін бірден суық суға секіру немесе қарға аунау - денсаулық жағдайы тұрақсыз адамдар үшін қауіпті әрекет. Қан тамырлары жылу әсерінен кеңейеді, ал суық олардың жылдам жиырылуына әкеледі. Бұл жүрекке қосымша жүктеме түсіруі мүмкін. Дене суыққа біртіндеп үйренуі керек: алдымен салқын душ қабылдап, содан кейін ғана суық суда жүзуге болады.
2. Мұздай сусын ішу
Моншадан кейін дене температурасы жоғарылайды, тамырлар кеңейеді, сондықтан мұздай сусын ішкен жағдайда тамырлар күрт тарылуы мүмкін. Бұл ас қорыту жүйесіне де әсер етіп, ауырсыну сезімін тудырады. Одан да бөлме температурасында тұрған жылы сусын ішкен жөн, мысалы, шөп шайы немесе жылы су.
3. Дене күшін талап ететін жаттығу жасау
Моншада жүрекке қысым түседі, сәйкесінше моншадан шыққан соң ауыр дене жаттығуларынан аулақ болу керек. Жаттығу жасау қан қысымының жоғарылауына, тез шаршауға және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Монша процедуралары жүрекке де, бұлшықетке де жеткілікті ауырлық беретінін ескеріп, демалып, денеге уақыт беру керек.
4. Алкоголь ішу
Моншадан кейін алкоголь ішу жүрекке, қан айналым жүйесіне айтарлықтай кері әсерін тигізеді. Монша қан тамырларын кеңейтеді. Ағзаға енген алкоголь қан қысымын өзгертуі мүмкін. Бұл қан қысымының күрт төмендеуіне немесе керісінше жоғарылауына, тіпті жүрек талмасына әкелуі ықтимал. Моншадан кейін денені қалпына келтіру үшін тек қана таза су немесе шөп шайын ішкен дұрыс.
5. Ауыр және майлы тағам жеу
Моншадан соң ас қорыту жүйесі де демалып, оңай сіңетін тағам қажет етеді. Майлы, қуырылған немесе тым дәмді тағамдар асқазанға артық салмақ түсіріп, ас қорытудың қиындауына әкеледі. Жеңіл салаттар, көкөністер немесе йогурт сияқты жеңіл тағамдар денені жайлы сезінуге көмектеседі.
6. Сыртқа шыққанда жылы киінбеу
Моншадан шыққан соң ағза толығымен балқып, терідегі тері тесіктері ашық тұрады. Сондықтан сыртқа шыққанда салқын ауаға ұрынбау маңызды. Әсіресе қыс айларында бұл ережені сақтау керек. Дене температурасын жоғалтпау үшін жылы киініп, сыртқа шығарда дененің салқындауына жол бермеу керек.
7. Ұйықтап кету
Моншадан шыққан соң дене босаңсып, адамды ұйқы басуы мүмкін. Бірақ мұндай кезде бірден ұйықтап кету ұсынылмайды, себебі жүрекке қосымша күш түсіп, қан қысымы төмендеуі мүмкін. Оның орнына аз уақыт отырып, демалып, толықтай қалыпқа келген соң ғана ұйықтауға болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!