Қостанай облысында киберполиция жоқ моншаларды сатқан алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Лисаковтың 24 жастағы тұрғыны өзін монша мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар жасаушы ретінде таныстырып, ОЛХ және WhatsApp арқылы хабарландырулар жариялаған. Ол адамдардың сеніміне кіріп, клиенттермен кездесулер ұйымдастырған. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.
Қаскүнемнің қылмыстық схемасы туралы Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров айтты. Сонымен қатар, ол моншалар мен ағаш паллеттер жасауға келісімшарттар дайындаған.
"Қылмыстық жолмен ол 15 миллион теңге пайда тапқан. Қаскүнемнен зардап шеккендер негізінен жеке үйлердің иелері, Қостанай облысы аудандарының тұрғындары болды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті облыс орталығында кезекті заңсыз тапсырысқа барар жолда ұсталды. Қазір 27 дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оның ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!