- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Моңғолияның экс-президенті елден...
Моңғолияның экс-президенті елден кеткені хабарланды
Фото:
gereg.mn
Моңғолияның экс-президенті Х.Баттулға елден кеткені хабарланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sonin.mn-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, АПК көмір ұрлығы ісіне тікелей немесе жанама қатысы болуы мүмкін 17 адамның аты-жөнін жариялады. Экс-президент Х.Баттулға АПК куәгері ретінде 15 желтоқсанда түсініктеме берді.
Бұл процесс 3 сағаттан аса уақытқа созылды.
"Бүгін әлеуметтік желілерде "Х.Баттулга Оңтүстік Кореяға қашып кетті" деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат нақтыланды. Бұрынғы президент Х.Баттулғаға шетелге шығуға тыйым салынбаған. Оған ешбір айып тағылған жоқ", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек