Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында 20 жыл бұрынғы видеосын жариялап, осы уақытқа дейін өзіне сенім білдірген тыңдарманға алғыс айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Халқына алғыс айтқан әншінің жас кезін көрген оқырмандары да оның видеосына сүйсінді.
"2004 жыл, 18 жас! Үлкен сахнаға алғаш аяқ басқан сәтім. Шүкір! Сонау 20 жыл бұрын менің талантыма сеніп, қолдау білдіріп, биікке көтеріп жүрген халқыма рақмет! Алла тілеулеріңізді берсін!" - деп жазды әнші.
"Смс 30 теңге болған шақ екен, көз алдымызда өсіп келесің, бақытты бол, Мөлдіржан!", "10 жаста едімго ол кездері", "небәрі кішкентай 1 жастағы сәби едім", "сол кезде дауыс беретінмін", "тез-тез сабақты оқып тастап, бақшаны суарып тастап кеште басталатын Super Star-ды есіміз шығып күтетін едік", "балмұздақ кез" деп жазды желі қолданушылары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!