Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлына 60 миллион теңгелік сыйлық жасағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Мөлдір Әуелбекова ұлы Салтайға құны 60 миллион теңгелік сыйлық тарту еткен.
"60 миллион теңге оңай емес. Жаңа мектепке бара жатып, "Анашым, сыйлығымды күтіп жүрмін" деп қояды. Өзім уәде еткенімді орындап, жаман үйретіп қойыппын. Есесіне, балам сыйлығын алатынына сенімді. Қатты қобалжып жүрмін", - деп жазған болатын әнші.
Әншінің ұлы Салтай 7 жасқа толды. Соның құрметіне өнер иесі 40 адамға дастархан жайып, шоу бағдарлама ұйымдастырған.
"Ұлымның туған күнін атап өттік. 40 қонақ, көп сыйлық, бес сағатқа созылған шоу-бағдарлама! Менен құны 60 миллион теңгелік сыйлық", - деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова сахнадағы ыңғайсыз жағдайды түсіндірген еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шын бақытты адам қандай болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!