Мөлдір Әуелбекова жас көрінуінің құпиясын бөлісті

Мөлдір Әуелбекова жас көрінуінің құпиясын бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Medina Style YouTube-арнасына берген сұхбатында жас көрінуінің құпиясын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қарттық деген сөзді жақсы көрмеймін. Ең бірінші сенім. Мен әдемі, жас екеніме сенемін. Шынын айтсам, күнде таңертең тұрғанда, айнаға қарап,  өзіме "ой, қандай сұлу" деп айтамын. Өтіп бара жатқанда айна көріп қалсам, "сұлулық" деймін. Алла тағала сені бір түйір етіп жаратқан. Бойыңда өз-өзіңе көңілің толмау болмауы сол сенімнен басталады. Сонда салыстырмайсың, білесің", - дейді ол.

Сонымен қатар, өнер иесі адам өзін сұлу сезінсе, өзгелер де солай қабылдайтынын жеткізді.

"Қалай сені шебер қылып жаратқан?! Шеберлігі шексіз. Өзіңді содан кейін қалай жақсы көрмейсің?! Өз-өзіңді жақсы көрген кезде бәрі тиянақтала береді. Айнаға қараған кезде өзіңнің сұлулығыңды көре бастайсың. Сен оған сенген сайын адамдардың көзіне де сұлу болып көріне бересің", - деді ол.

Сонымен қатар, әнші сағат 23.00-де ұйықтайтынын, режимді ұстанатынын, пайдалы тағамдар жейтінін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова