- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова Баян Есентаевамен жылап көріскен сәтін еске алды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова продюсерінен қалай кешірім сұрап барғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында сөз қозғады.
"Баян Мақсатқызы - менің ұстазым. Мен кішірейдім, алдына барып кешірім сұрадым. Негізі өміріме қарасам, көп жағдайда мен өзім бірінші кішірейеді екенмін. Қалай ренжіп өмір сүре беруге болады? Түсінбеймін. "Әттеген-ай" деп өмір сүргім келмейді. Бетім ашық болып, адамдармен көрісіп, ешкіммен ешқандай ренішсіз, ызасыз жүргім келеді", - деді ол.
Продюсерімен қайта кездескен сәтте жылап қалғанын да жасырмады.
"Баян ханыммен көріскен кезде жыладым. Мен ол кісіні сағынған екенмін. Ол кісінің де өмірінде бірталай өзгеріс, жағдайлар болды. Содан кейін кездестік. Ол кісі аман-есен аяққа тұрғаннан кейін бардым. Мүмкін сол жағдай маған ой салған шығар. Себебі жас болдым. Сол жағдайдан кейін өзім кішірейіп, алдына барғым келді. Сағынышымды басып, құшақтағым келді. Көрісіп, бір жеңілдеп қалдым. Ол кісіде де сондай әсер болды. Бірақ маған "Неге бұған дейін келмедің" деп ұрысты", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Еске салайық, осы сұхбатында әнші алғашқы некесі неге сәтсіз аяқталғанын айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева