Молдова Республикасынан ұйымдасқан топтың қатысушысы экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін азаматшаны экстрадициялады.
Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге материалдық баю мақсатында жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған.
Оның рөлі - қаланың белгілі бір банктерінде шоттар ашу, бүркеме мәмілер бойынша алғашқы бухгалтерлік құжаттарда тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.
Қылмыстық топтың салық төлемеу түріндегі заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келтірілген.
Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында ол Молдова Республикасының аумағында ұсталды.
Қазақстан Бас прокуратурасының сұраусалуы бойынша Молдова тарапынан күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшiнмүлкi тәркiленiп, он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!