Желіде ерлерге арналған костюм туралы айтқан ер адамның видеосы тарады. Ол TikTok-та осы видеоға қатысты пікір білдірген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеодағы адамның есімі Жасұлан екен. Оның сөзінше, ол имам да, молда да емес.
"Костюм-шалбарға қатысты видеом көп талқыға түсіп, тарап жатыр. Мен костюм-шалбардың тарихын ғана айттым. "Сонау бір ғасырларда сондай адамдар киген" дедім. "Оны киюге болмайды" деген әңгіме айтқан жоқпын. Кие бер. Бірақ екі жақ қырынан кесіп, шығарып алыңыздар дедім. Мысал үшін, менің ұстазым солай киеді. ...TikTok-та кім отырмайды, TikTok-та бәрі отырады. Бәрі отыр, мен де білгенімді салғым келеді. ...Біз қарапайым мұсылман адамбыз. Қарапайым көшеде тәшкі сүйреп жүрген мұсылман бауырыңмын. Ешқандай молда да емеспін, имам да емеспін. Жай ғана өзімнің оқығанымды, білгенімді TikTok-қа салдым, болды", - деген ол.
Еске салайық, бұған дейін ҚМДБ өкілі Желіде тараған видеоға қатысты жауап берген болатын.