"Модель ретінде бардым". Танымал қазақстандық трансгендер Бішкекте сән көрсетіліміне қатысуына қатысты пікір білдірді

Танымал қазақстандық трансгендер Нико Нет Бішкекте өткен сән көрсетіліміне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мені жамандап, қорламас бұрын оқиға қалай болғанын түсіндіріп берейін. Бастапқыда ол жерге модель ретінде бардым. Яғни мен көрсетілімге дайындалдым. Дефиледе жүруді, билеуді үйреніп, модель ретінде шығуым керек еді.

Мен модельдермен бірге тұрдым, ерекше жағдай жасалған жоқ. Таңғы 5-ке дейін дайындадым. Мен подиумға шықтым, бірақ блогерлермен шығатынымды білмедім. Оны тек артынша білдім. Сондықтан мені балағаттап, қорлаудың қажеті жоқ", - дейді Нико Нет. 

@we_project ?? #weproject #vanomas #бишкек #кыргызстан ♬ оригинальный звук - WE project

Айта кетейік, Niko Nett - трансгендер екенін жариялаған қазақстандықтардың бірі. 

Еске салайық, жақында Бішкекте Арзубек Амановтың сән көрсетілімі болған еді. Көрсетілім кезінде қазақстандық блогер Мерей Әбіловаға қатысты дау шыққан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!