Белгілі мобилограф Қыран Талапбек базарда жұмыс істеген кездері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Базарда шұлықтан бастап шегеге дейін бәрін саттым", - дейді мобилограф журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында.
Қыран Талапбек Нью-Йорктегі киноакадемияға оқуға түсу үшін екі жыл бойы тойларда жүріп, ақша жинағанын айтады.
"Көлігім болған, оны да сатып, оқуға түстім. Академияда көп тәжірибе алдым", - дейді ол.
Сонымен қатар, Қыран Талапбектің оқушысы мобилографиямен бір айда 40 миллион теңге тапқанын айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!