Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сұхбат беріп, қоғамда қызу талқыға түскен жайттарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен Жамаубаев мобильді аударымдарға қатысты түсінік берді.
"Мобильді аударым және мобильді төлем деген түсінік бар. Мобильді төлем кезінде кез келген кәсіпкерлікпен операция жүргізетін болса, онда QR-код немесе кассалық аппараттар қолданылады. Тиісінше чек беріледі. Мобильді аударым кезінде QR-код немесе кассалық аппараттар болмаса мұндай операциялар заң аясынан тыс қалып, заңсыз болып саналады. Сондықтан біздің мақсатымыз мобильді аударымдарды заң аясына шығару. Яғни кез келген мобильді аударым бойынша егер ол кәсіпкерлік операцияға жатса, міндетті түрде заң аясына - салық төлеу аясына шығаруымыз керек.
Мобильді аударымды тексеру бюджетке қаражан түсіп жатыр ма, әлде жоқ па - соған байланысты ма деп сұрап қалдыңыз. Бұл оған байланысты емес. Себебі мобильді аударымдарды тексеру - қазірдің өзінде жүріп жатыр. Алдыңғы шепте - мемлекеттік қызметкерлердің, квазимемлекеттік қызметкерлердің аударымдары бойынша бақылау жүргізіп отырмыз. Бірақ бірде-бір қызметкерге немесе жалпылай декларацияға өткен тұлғалардың ешқайсына салықтық тексеру жүрген жоқ. Себебі олар заң аясында аударымдарды жүргізіп жатыр. Егер аударымдар кәсіпкерлік іске қатысты болса, ондай аударымдар бойынша салық төленуі керек", - дейді Жамаубаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз