- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Міне саған Токио!...
Міне саған Токио! ШҚО-да 117 ауыл интернетсіз отыр
Тиісті басқарма өкілдері жағдайды реттеу үшін 2027 жылға дейін "Жол картасы" бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарды басшылыққа алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы цифрландыру және ақпараттандыру бөлімінің басшысы Гүлназ Ахметованың сөзінше, былтыр 29 ауылға ғаламтор тартылды. Биыл жыл басталғалы 14 елдімекен интернет игілігін көрген. Нақты айтсақ: Коноваловка (Риддер), Белокаменка (Глубокое ауданы), Бақасу, Қайнар, Қуаныш, Сарыжыра (Зайсан ауданы), Путинцево (Алтай ауданы), Маралды, Барақ батыр (Күршім ауданы), Аршаты (Катонқарағай ауданы), Шеңгелді (Тарбағатай ауданы), Жаңа Қанай (Ұлан ауданы), Красная Шемонаиха (Шемонаиха ауданы) және Көкжыра (Ақсуат ауданы, бұрынғы Тарбағатай).
"Өңірде алты қала, 357 ауыл бар десек, соның 170-і 3G және 4G операторына қосылған. Бұл шілде айының 27-і күнгі мәлімет. Байланыс операторларының лицензиялық міндеттемесі аясында 80 ауылда интернет жылдамдығы жақсармақ. Жұмыс облыстық бюджет есебінен жалғасады. Мәселен, биыл 16 елдімекенде 19 діңгекті антенна тарту қарастырылған", – деді бөлім басшысы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, ғаламтор тартыМіне саған Токио!лмаған 117 ауылда мәселе 2027 жылға дейін "Жол картасы" бағдарламасы аясында шешілмек.
"Былтыр интернет сапасына шағым түсірген 33 елдімекенде өңіраралық инспекция мен басқарма өкілдері тексеріс жүргізді. Соның нәтижесінде 2022 жылы 25 ауылда бұзушылықтар анықталып, байланыс операторлары 19 млн теңге айыппұл арқалады. Жыл басталғалы 15 елдімекенде тексеріс жүргізіліп, 5 ауылда бұзушылықтар бойынша 20 млн теңге айыппұл салынды", – деді маман Гүлназ Ахметова.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы