Танымал әнші Айгүл Иманбаева 24 жыл бойы жалғыз жүргенін, осы аралықта 10 рет ұсыныс алғанын айтты. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бақытын жұртқа жариялап көрсететіндердің қатарынан емес.
"24 жыл бойы жалғызбын. 25 жыл ішінде 10 рет ұсыныс (тұрмысқа шығуға - еск.) жасалды. Instagram-да қолыма сақина салып, теріс қарап, гүл ұстап түсу табиғатымда жоқ. Маған ол нәрсе ұнамайды. Instagram-да бөлісе алмаймын. Бақытты адам үндемейді, бөліспейді. Құдайдан үмітім бар, міндетті түрде тұрмысқа шығамын", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!