- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Міндетті медициналық сақтандыру...
Міндетті медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Сәбит Ахметов қордың орталық аппаратының жыл сайынғы шығыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
"2022 жылдың аяғына қарай біз қызметкерлерге 9 миллиард теңгеден аса қаражат жұмсадық. Біздің қорда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Біздің барлық өңірде бөлімшелеріміз бар, оларда 700-ге жуық қызметкеріміз бар", - деді Ахметов брифингте.
Медициналық сақтандыру қорының басшысы қызметкерлерінің орташа жалақысын айтты.
"Мен бірден айтайын, бұл көлемді қаржы емес. Бізде жыл сайынғы кадр тапшылығы - 22 пайыз. Орташа жалақы 450 мың теңге шамасында. Ол - әрбір бесінші адам жұмыстан шығады деген сөз. Жұмыс көлемі көп, қиын, соған сәйкес олар шыдай алмай кетіп қалады. Менің ойымша, егер жалақы жоғары болса, адамдар жұмыстан шықпас еді", - деп жауап берді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек