- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Міндетімнен құтылдым". Ерке...
"Міндетімнен құтылдым". Ерке Есмахан жаңа туған сәбиін қырқынан шығарды
Фото:
Әлеуметтік желіден
Әнші Ерке Есмахан ұлы Исламды қырқынан шығарды. Өнер иесі қуанышты сәтін әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында жұлдызды жұп Ерке мен Raim ұлды болған еді. Күні кеше әншілер отбасы баласын қырқынан шығарғанын айтты.
"Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын", – деп жазды әнші.
Еске салайық, бұған дейін "Тұңғыш немере". Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы жарияланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы