- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Миы шайқалған": Ақтауда...
"Миы шайқалған": Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған адам ұсталды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиғаға қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді.
Полицейлердің айтуынша, күдікті ер адам ұсталған. Оған қатысты іс тергеліп жатыр.
"Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалғаны хабарланды.
4-шағынаудан тұрғындарының айтуынша, оқиға №4 үйде болған. 30 маусымда түн ортасында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова