- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Миы өлген адамға...
Миы өлген адамға шошқаның бауыры салынды
Қытай ғалымдары миы өлген адамға генетикалық түрлендірілген шошқа бауырын бауырын салды. Ота сәтті өтті. Бұл туралы Global Times газеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, зерттеушілер адамның бауырымен шошқаның бауырын біріктірген, себебі шошқа бауыры адам бауырын толығымен алмастыра алмайды. Операция нәтижесінде 96 сағат ішінде қан жаңа мүше арқылы айнала бастаған. Бұл отаға науқастың отбасы келісім берген.
Қытайда бауыр ауруымен ауыратын 400 миллионға жуық адам бар. Қытайлық дәрігерлердің зерттеуі осындай ауруға шалдыққан біршама науқасқа көмек бола алады делінген.
"Ксенотрансплантациядағы (бір биологиялық түрден екіншісіне) алғашқы салыстырмалы түрде сәтті тәжірибелер 20 ғасырдың екінші жартысында жүргізілді. 1960 жылдары америкалық трансплантолог-хирург Кит Реемцма адамға шимпанзе бүйрегін салған 13 ота жасаған, алайда науқастың көпшілігі отадан кейін төрт-сегіз апта ішінде өлген. Бір науқас тоғыз ай өмір сүріп, тіпті қысқа мерзімде жұмысқа қайта оралған", - делінген басылымда.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та 58 жастағы ер адамға шошқаның жүрегі салынғаны туралы ақпарат тараған еді. Шошқаның жүрегі адамға кері әсер етпеуі үшін ол препараттар мен антиденелер ішуі керек. Бұған дейін мұндай ота былтыр жасалған.
Кейін ҚМДБ өкілдері шошқаның жүрегін адамға салуға қатысты үкім айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек