Мирзиёев Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады.

Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді.

Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!