Астанаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оны елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.
Шавкат Мирзиеев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Мажарстан және Түрікменстан басшыларымен бірге Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Астанаға келген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!