- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мирзиеев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді...
Мирзиеев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді шетелдік зұлым күштер ұйымдастырғанын айтты
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстандағы тәртіпсіздіктерді шетелдік зұлым күш ұйымдастырғанын айтты, - деп хабарлайды Nuz.uz.
"Әрине, мұнда болған келеңсіз оқиғалар бәрімізді алаңдатады. Нүкіс қаласындағы оқиғалар салдарынан, амал не, тұрғындар қаза тауып, зардап шекті. Осыған байланысты жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деді Өзбекстан президенті.
Ол осындай сәттерде бейбітшілік пен адам өмірі қаншалықты қымбат екенін түсінетінін айтты.
Е. Төлеш"Әрине, бұл толқулар бір күн не он күн ішінде ұйымдастырылған жоқ. Бұл әрекеттерді шетелдік зұлым күштер жылдар бойы дайындаған. Олардың негізгі мақсаты - Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғу және ұлтаралық қақтығыс тудыру", - деді Мирзиеев.