Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жексенбіде Қарақалпақстанның Жоғарғы кеңесінде сөйлеген сөзінде 1 және 2 шілдедегі оқиғалар салдарынан адам шығыны болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қаза тапқандар бар", - деді Мирзиеев.
Қаза болғандар мен жараланғандар туралы нақты деректер әзірге хабарланған жоқ.
Бұған дейін Мирзиеев 1 шілдеде елде болған тәртіпсіздіктердің мән-жайын айтқан еді.