Мирзиеев бастаған делегацияға Ақордада қандай ас ұсынылғаны белгілі болды

Мирзиеев бастаған делегацияға Ақордада қандай ас ұсынылғаны белгілі болды
Фото: Akorda.kz

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бастаған делегацияға Ақордада ұсынылған ас мәзірінің фотосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәзірдің фотосын Борт N1 Telegram-каналы жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Айгүл Қосанова, Әзиза Омарова, Әлішер Кәрімов және белгілі пианист Темірлан Бейсембай (Ratovich) сынды қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады.

Сондай-ақ әртістердің қандай шығармаларды орындағаны көрсетілген концерттік бағдарлама да белгілі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан