Жас ақын Саят Рахымжан 100 долларға жазып берген әндері қалай хитке айналғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Менің есімім - Саят Рахымжан. Бүкіл Қазақстанға танымал болған мына әндерді менің жазғанымды білдіңіз бе? Мирас Жүгінісов - "Зымыран", Әмре - "Жылтыр көйлек", Ізбасар Кеңесов - "Кім біледі?", Мирас Жүгінісов - "Шыда" және "Саяхат" әндерін 100 долларға жазып бергенмін", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ақынның айтуынша, бұл хит болған әндерінің бір бөлігі ғана екен. Видеоның екінші бөлімінде ақын басқа да хит әндердің авторы екенін мәлімдеді. Оның тізімі төмендегідей:
Әмре - "My dunya"
Ілияс Қабдырай - "Саған ғана"
Әмре - "Осы музыка ұнайды"
Әмина Есімжан - "Хат"
Мирас Жүгінісов - "Қызғанамын".
Автор тіпті кейбір хит болған әндерін танылу үшін тегін бергенін де жасырмады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!