Үкімет отырысынан кейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен лифтке кірген жұмысшының реакциясы жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Үкімет отырысынан кейін болған. Журналистер сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен сөйлеспек болып, артынан жүрген.
Министр "барлық сұраққа жауапты баспасөз қызметі беретінін" айтып, лифтке кіріп кетпек болады. Сол сәтте лифтке министрлікке қатысы жоқ болуы мүмкін өзге жұмысшы қатар кіріп, журналистердің министрдің артынан қуғанына таңғалып, реакциясын жасыра алмаған.
Жұмысшының реакциясы жұртты күлдірді.
"Қазір лифтке ер адаммен кіру қорқынышты болып кетті ғой", "Қызметкер мұнша көп адамды көріп таңғалып кеткен сияқты", "Лифтке көзілдірік киген адам кіргендегі түрің", "Досыңның үйіне келгенде ата-анасы ұрсыса бастағандағы кез ғой", - дейді Қазнет қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!