Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын жымқырып, оларды одан әрі жылыстатты деген күдікке ілінген мәслихаттың бұрынғы депутаты Б.Қ. Әбішевке және басқа да адамдарға қатысты тергеу ісінде жаңа деректерді анықтады.
"Тергеу нәтижесінде бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрлігі департаментінің директоры Б.С. Аимбетовтың 2018-2022 жылдар аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидия алу кезінде алаяқтыққа қатысы бары анықталды. Б.К. Әбішев пен Б.С. Аимбетов 29 ауылшаруашылық кооперативінің электрон цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық түрдегі таңқурай көшеттерінің жалған жеткізілуі туралы құжаттарды қолдана отырып, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңге болатын субсидия алған", - деп жазылған хабарламада.
Бекет Әбішев / eldala.kz
Тергеу соты Б.С. Аимбетовке екі айға қамауда ұстау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында экс-депутат алаяқ деген күдікпен ұсталғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова