Министрліктер үйі маңындағы оқыс оқиға видеоға түсіп қалған

Министрліктер үйі маңындағы оқыс оқиға видеоға түсіп қалған
Фото: Видео кадры

Астанадағы Министрліктер үйі маңында ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол апатының видеосын елордалық Полиция департаменті жариялады. Қазір тексеріс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"Алдын ала мәлімет бойынша Nissan көлігін тізгіндеген жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tengri LIVE (@tengri.live)

Еске салайық, бұған дейін Астанада Министрліктер үйі маңында оқыс оқиға болғаны хабарланды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, кадрларда жәбірленуші шалқасынан жатқаны көрінеді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget