Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Берікбол Мәндiбаев Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Берікбол Мәндiбаев 1986 жылы 12 наурызда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ұлыбританиядағы University of Exeter-ді тәмамдаған.
Еске салайық, бүгін Азамат Қалдыбеков Алматының Бостандық ауданының әкімі болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!