Министрлік зейнетақының жаңа мөлшерін жариялады

Министрлік зейнетақының жаңа мөлшерін жариялады
Фото: Midjourney

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 658,4 млрд теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 497 мың адам.

"1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 143 097 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 491 теңге, базалық зейнетақы - 47 606 теңге", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget