Ішкі істер министрлігі өкілдері мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеуді ұсынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Тергеу департаментінің басқарма басшысы Ермек Шүлден айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ең өткір проблемалардың бірі - есірткінің жаңа түрлерін шығару және оларды тікелей байланыссыз сату тәсілдері арқылы жасырын сипат алған есірткі қылмысымен күрес", - деді Ермек Шүлден.
Оның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін министрлік мына бастамаларды ұсынып отыр:
"Сонымен қатар, барлық қылмыстың 90 пайызы - ұрлық пен мал ұрлығының жасалу себептері мен шарттарын жою шаралары қабылданады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеу негізінде мал басын есепке алуды енгізу, иесіз малға арналған қоралар жасау, ет өнімдерін өткізуге арналған жасырын сауда орындарын анықтау және жабу. Бұлардан өзге, байланыс операторларының ұрланған мобильді құрылғыларды бұғаттау, ұрланған заттарды, әсіресе ломбардтарда, комиссиялық дүкендерде сату тәртібін бақылау. Мұның барлығы Цифрландыру, Ауыл шаруашылығы, Сауда министрліктерімен, бизнес қауымдастықпен, ұялы байланыс операторларымен және әкімдіктермен өзара әрекеттесу барысында жүзеге асырылады", - деп түйіндеді Ермек Шүлден.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!