Министрлік тоғыз айда Қазақстан экономикасы өскенін мәлімдеді

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда экономика өсімі 6,3%-ға жеткен. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеуніктің сөзінше, нақты сектордағы өсім 8,1% болған, қызмет өндірісі 5,3%-ға өскен. Салалар арасында көлік қызметі (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсеткен.

"Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті", - деді Азамат Әмрин.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!