- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министрлік студенттерге жақсы...
Министрлік студенттерге жақсы жаңалық жеткізді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары оқу орны студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылады. 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғастырылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, барлық студентке білім алу үшін қажет әлемдік цифрлық ресурстар қолжетімді болады. Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелген. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламасының тізімі жасалған, ол 1500 пәнге қолданылуы мүмкін.
Сонымен қатар, студенттік жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыс мөлшерін 122 АЕК-тен 195 АЕК-ке дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тен 230 АЕК-ке дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова